Теннис
Жібек Құламбаева Доминиканадағы турнирдің ширек финалына жетті

ҚТФ
Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Доминикан Республикасында өтіп жатқан ITF W35 турнирінің ширек финалына жетті.
Екінші айналымда Жібек испаниялық Виктория Гоместі ұтты - 6:1, 6:3.
Алғашқы кездесуде қазақстандық теннисші бразилиялық Карлин Мартинештен дәл осындай есеппен басым түскен болатын.
Ширек финалда Құламбаева неміс теннисшісі Александра Вечичпен кездеседі.