Спорт
Қазақстан құрамасы көкбөріден финалда қырғыздардан ұтылды

inst: ulttyqatsport.kz
Астанада өтіп жатқан V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көкбөріден Қырғызстан ұлттық құрамасы жеңіске жетті.
Бірінші кезеңде Қырғызстан құрамасы 5:1 есебімен алға шықты. Ойынның екінші кезеңінде 8:3 есебі тіркелді. Үшінші кезең 10:4 есебімен қырғыз көкбөрішілерінің пайдасына шешілді. Бұл – Қырғызстан құрамасының көшпенділер ойындарындағы 11 алтын медалі.
V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында 21 спорт түрінен 97 медаль жиынтығы сарапқа салынған. Дода 13 қыркүйекке дейін жалғасатын болады.