Спорт

Көкпардан финалда Қазақстан командасы жеңіске жетті

Көкпардан финалда Қазақстан командасы жеңіске жетті
worldnomadgames.kz

Бүгін, 12 қыркүйекте Дүниежүзілік көшпенділер ойынында Қазақстан мен Қырғызстан арасында көкпардан финалдық ойын өтті.

Ойын тартысты өтті. Қазақстандықтар есеп ашқанымен, ары қарай қырғыздар басым түсе бастады - 1:3.

Осыдан кейін қырғыздар командасымен жанжал туып, полицияның араласуына дейін жетті. Салдарынан ойын жарты сағатқа тоқтап қалды. Үзілістен кейін қазақ көкпаршылары есепте алға шықты - 4:3.

Екінші тайм аяқталуға бірнеше секунд қалғанда қырғызстандық команда есепті теңестіріп үлгерді. Дегенмен қосымша уақытта қазақ көкпаршылары басымдығын дәлелдей алды, қорытынды есеп - 5:4.

Басқа спорттық жаңалықтар