Футбол
Хабиб Нурмагомедов Златан Ибрагимовичпен кездесті

instagram.com/khabib_nurmagomedov
UFC ұйымының бұрынғы чемпионы Хабиб Нурмагомедов швециялық футболшы Златан Ибрагимовичпен кездесуде түсірілген сурет пен видеоны жариялады.
Спортшылар Италияның А сериясындағы "Милан" - "Рома" арасындағы "Сан Сиро" стадионындағы матчі тамашалауға келген екен. Ибрагимович біраз уақыттан бері "Милан" басшылығында қызмет атқарады.
"Рахмет Златан досым", - деп жазыпты Нурмагомедов.