Теннис

WTA 500 Korea Open турниріне Елена Рыбакина қатыспайтын болды

WTA 500 Korea Open турниріне Елена Рыбакина қатыспайтын болды
Jimmie48 Photography, WTA

Әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина 16-22 қыркүйек аралығында Сеул қаласында өтетін турнирге қатыспайды.

Ойыннан қатыспау себебі Рыбакинаның жарақатынан әлі айықпауы. Осы жарақат кесірінен теннисші АҚШ ашық турнирінен шет қалған болатын. Негізгі кезеңде Рыбакинаны қытайлық Чжан Шуай алмастырады.

Рыбакинадан бөлек, US Open финалына шыққан американдық Джессика Пегула және басқа да теннисшілер бұл турнирге қатыспайды.

Басқа спорттық жаңалықтар