Үстел теннисніне Азия чемпионаты алғаш рет Астана өтеді
6-13 қазан аралығында Астанада үстел теннисінен XXVII Азия чемпионаты өтеді. Қазақстан астанасы алғаш рет құрлықтық біріншілікті қабылдайды, деп жазады ұйымның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Olympic.kz.
Чемпионатқа Азияның барлық үздік ойыншылары қатысады.
Алдағы Азия чемпионатында 26 елден барлығы 210 спортшы өнер көрсетеді. Атап айтар болсақ, Бахрейн, Гонконг, Үндістан, Иордания, Иран, Йемен, Катар, Қытай, Қытайлық Тайпей, КХДР, Қырғызстан, Малайзия, Мальдив, Моңғолия, Непал, Оман, Пәкістан, Сауд Арабиясы, Сингапур, Таиланд, Өзбекстан, Филиппин, Шри-Ланка, Оңтүстік Корея, Жапония және Қазақстан спортшылары өзара мықтыны анықтайды.
Қатысушылар арасында командалық есептегі Олимпиада чемпионы, төрт дүркін әлем чемпионы Қытай спортшысы Ван Чуцинь, командалық есептегі Олимпиада ойындарының күміс жүлдегерлері Мива Харимото және Миу Хирано (Жапония), Олимпиаданың алтын және күміс жүлдегері Сунь Инша (Қытай), микстегі Олимпиада чемпионы Мима Ито (Жапония), командалық есептегі Олимпиаданың қола жүлдегері Томоказу Харимото (Жапония) бар.
Қазақстан намысын Рио-2016, Токио-2020, Париж-2024 Олимпиада ойындарының қатысушысы Кирилл Герасименко, 2020 жылғы Олимпиаданың қатысушысы Анастасия Лаврова, микстегі жастар арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы Алан Құрманғалиев, халықаралық турнирлердің жүлдегерлері Сарвиноз Миркадирова, Зауреш Акашева және басқа да спортшылар қорғайды.