Спорт

Қазақстан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көкбөріден де финалға өтті

Қазақстан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көкбөріден де финалға өтті

Көкбөріден Қазақстан ұлттық құрамасы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының финалына жолдама алды.

Жартылай финалда қазақ көкпаршылары Түркиядан келген команданы 15:1 есебімен ұтып шықты. Финалда Қазақстан Қырғызстанмен кездеседі. Ресей мен Түркия командалары үшінші орынға таласады.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан құрамасы көкпардан да финалға шыққан еді. Онда да қырғыздармен алтын жүлдені сарапқа салады.

Бір-біріне ұқсас, қазандықтары мен ережелерінде ғана аз-кем айырмашылығы бар командалық екі спорт түрінен Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы текетірес қызықты болмақ. Көкпардың финалы ертең 11:30-да басталса, көкбөрі финалы 16:30-да болады.

Басқа спорттық жаңалықтар