ММА

Асу Алмабаев UFC рейтингінде төмендеді

Асу Алмабаев UFC рейтингінде төмендеді
instagram.com/asu_zulfikar57

Қазақстандық файтер Асу Алмабаевтың (20-2) UFC-дің өте жеңіл салмақ рейтингіндегі орны белгілі болды.

Жаңартылған тізімде қазақ спортшы бір саты төмендеп, 15-орынға орналасыпты.

Ал Асудың келесі қарсыласы - Матеус Николау (19-4-1) әлі де жетінші орында.

Асу мен Матеус арасындағы жекпе-жек 20 қазан Лас-Вегастағы UFC FIGHT NIGHT 245 турнирінде өтеді. Алмабаев айқасқа дайындалу үшін АҚШ-қа аттанып кетті. Қазақстандық үшін бұл UFC-дегі алғашқы рейтингтік жекпе-жек.

Басқа спорттық жаңалықтар