Үстел теннис

Қазақстандық ағайынды теннисшілер Еуропаның ең мықты лигаларының біріне өтеді

Қазақстандық ағайынды теннисшілер Еуропаның ең мықты лигаларының біріне өтеді
ҚР ҰОК

Үстел теннисінен Қазақстан командасының өкілдері, ағайынды Дастан мен Айдос Кенжеғұловтар жаңа маусымды Аустрияның Badener AC ( Баден қаласы) және UTTC Panaceo Stockerau (Штоккерау қаласы) клубтарында бастайды, деп хабарлайды Olympic.kz.

«2018-2022 жылдар аралығында мен Badener клубында ойнадым. Сол кездерден жылы естелік қалды. Араға екі жыл салып, ағаммен бірге Еуропаның ең мықты лигаларының біріне қайта жолдама алдық», - дейді Айдос.

Дастанның айтуынша, ол 2023 жылы өткен жаттығу жиынында австриялық клуб менеджерлерінің көзіне түскен.

«Аустриядағы оқу-жаттығу жиынында менеджерлер мені байқаған. Содан кейін келісімшартқа қол қойып, бір маусымды сәтті өткіздім. Биыл келісімді тағы созды. Айдоспен бір чемпионатта ойнайтыныма қуаныштымын», - дейді Дастан.

Басқа спорттық жаңалықтар