Теннис
Дмитрий Попко Польшадағы "Челенджерді" жеңіспен бастады

KTF
Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко Польшаның Щецин қаласында "Челленджер" жұптық сайысының сазды сериясындағы алғашқы кездесуін өткізді.
Қазақстандық спортшы италиялық теннисші Андреа Пеллегриномен бірге, неміс дуэті Якоб Шнайттер – Марк Уолнерге қарсы ойнап, екі сетте жалпы 7:6, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Ойын бір сағат 19 минутқа созылып, 1/8 финалдық кезеңде өтті.
Айта кетейік, 27 жастағы қазақстандық спортшы бүгінде әлемдік ATP (Кәсіби теннисшілер қауымдастығы) жұптық рейтингінде 517-ші орында тұр.