Футбол
"Челсидің" экс бапкері АҚШ құрамасын жаттықтыратын болды

"Челси" ФК
Футболдан АҚШ құрамасының жаңа бас бапкері болып Маурисио Почеттино тағайындалды.
Аргентиналық бапкер мерика Кубогында топтан өте алмағандықтан жазда жұмыстан қуылған Грегг Берхалтердің орнына келеді. 52 жастағы Почеттино Америка құрамасын 2026 жылғы әлем чемпионатына дайындайды.
Өткен маусымда бапкер "Челсиде" жұмыс істеді. Оның тұсында команда Премьер-лигада алтыншы орын алып, Конференция лигасына жолдама алды. Мамыр айында Почеттино лондондық клубтан кетті.