Хоккей

Eurasia Jastar Cup халықаралық турнирі биыл Алматыда өтеді

Eurasia Jastar Cup халықаралық турнирі биыл Алматыда өтеді
Шайба.kz

Алматыда Eurasia Jastar Cup халықаралық хоккей турнирі өтеді, деп хабарлайды ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті.

Ақпанның бірі мен төрті аралығы өтетін бұл жарысқа 18 жасқа дейінгі спортшылар қатысады. Турнир былтыр Астанадағы «Барыс Аренада» өткен болатын. Қатысушылар құрамы биыл да өзгеріссіз - Қазақстан жасөспірімдер құрамасынан өзге, 18 жасқа дейнігі Беларусь командасы, 16 жасқа дейінгі Ресей және Ресей қыздар құрамасы қатысады.

Матчтар айналымдық жүйемен өтеді, бұл ретте қыздар есептен тыс ойнайды.

Негізгі хоккей турнирінен басқа, 3х3 турнирі өтеді. Eurasia Jastar Cup кестесі:

1 ақпан, 15:00 – Ресей U16 – Ресей қыздар

1 ақпан, 19:00 – Қазақстан U18 – Беларусь U18

2 ақпан, 15:00 – Беларусь U18 – Ресей U16

2 ақпан, 19:00 – Қазақстан U18 – Ресей қыздар

3 ақпан, 11:30 – 3х3 турнирі

Қазақстан U18 – Ресей қыздар Ресей U16 – Беларусь U18 3-орын үшін матч Финал

4 ақпан, 12:00 – Беларусь U18 – Ресей қыздар
 4 ақпан, 17:00 – Қазақстан U18 – Ресей U16

Бұл турнир хоккейден Қазақстан жасөспірімдер құрамасы 2024 жылғы әлем чемпионатына дайындық кезеңдерінің бірі болмақ.

Басқа спорттық жаңалықтар