Футбол

Бекхэм "Интер Майамидегі" құны "420 миллион еуро" тұратын ойыншыларды көрсетті

Бекхэм
"Интер Майами" ФК

"Интер Майами" футбол клубының иесі, әйгілі Дэвид Бекхэм "Барселонаның" төрт жыл бұрынғы басты жұлдыздары жаттығып жатқан суретті жариялады.

Олар аргентиналық Лионель Месси, уругвайлық Луис Суарес және испаниялықтар Жорди Альба мен Серхио Бускетс. Футболшылар Майамиде жаңа маусымға дайындалып жатыр.

Бұл төрттікті "Барселонадан" 2020 жылға дейін ғана көруге болатын еді.

Айта кетейік, кезінде Месси 180, Суарес - 90, Бускетс - 80 және Альба - 70 миллион еуро, ал жалпылай алғанда каталондық клубта жүргенінде ортақ құны (траснферлік бағасы) 420 миллион еуро болатын.

Басқа спорттық жаңалықтар