Спорт

Көшпенділер ойындарында Қазақстан команадсы АҚШ-ты ұтып, жартылай финалға өтті

Көшпенділер ойындарында Қазақстан команадсы АҚШ-ты ұтып, жартылай финалға өтті
instagram.com/worldnomadgames2024

Көкпардан Қазақстан құрамасы V Бүкіләлемдік көшпенділер ойынының ширек финалында АҚШ командасынан басым түсті.

Көкпаршылардың кездесуі 12:4 есебімен Қазақстан пайдасына аяқталды, осылай біздің көкпаршылар жартылай финалға өтті.

Еске салайық, кеше көкпардан іріктеу турында Қазақстан мен АҚШ арасындағы ойын 18:0 есебімен біздің спортшылар пайдасына аяқталған еді.

Жарысқа жалпы 9 ел қатысып жатыр, олар: Қазақстан, АҚШ, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Венгрия, Қытай, Моңғолия және Түркия.

Басқа спорттық жаңалықтар