Футбол
«Қайрат» ойыншысы Кержаковтың қызметінен аяқ-асты кетуіне қатысты сұраққа жауап берді
Instagram/a.kerzhakov11
«Қайраттың» 27 жастағы грузиндік шабуылдаушы жартылай қорғаушысы Георгий Зария Александр Кержаковтың алматылық команданың бас бапкері қызметінен босатылуы туралы пікір білдірді.
Кержаков 3 қыркүйекте қызметінен кеткен болатын.
«Кержаковтың қызметінен кету себебін білмеймін. Дегенмен, қазір бізде жақсы бапкер бар, онымен жұмысты жалғастырып, әр кездесуде жеңіске жетуге тырысып жүрміз. Алда не болатынын көреміз», - деді Зария Legalbet.kz тілшісіне берген сұхбатында.