Спорт

Қазақстан құрамасы Көшпенділер ойындарындағы аударыспақта 3 алтын жеңіп алды

 Қазақстан құрамасы Көшпенділер ойындарындағы аударыспақта 3 алтын жеңіп алды

Астанада өтіп жатқан V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан қоржыны екі алтын, екі қола медальмен толықты. Отандастарымыз аударыспақ және дәстүрлі садақ атудан жүлде еншіледі.

60 келі салмақта сынға түскен Қазақстан ұлттық құрамасының спортшысы Ермек Құралбай алтын медальға ие болды. Ол финалда Қырғызстан спортшысын жеңіп, алғашқы алтынды қоржынға салды.

70 келі салмақта сынға түскен Алмат Ләтіпбек те қарсыластарының бәрінен басым түсіп, жеңімпаз атанды.

80 келі салмақта Дарын Өткелбай қарсыластарының бәріне мықтылығын мойындатты.

"Қазанат" ипподромы маңындағы этноауылда өтіп жатқан аударыспақтан бәсекеге 9 мемлекеттен 64 спортшы қатысуда. Бүгін жарыс жолына Есімхан Рахматіллә, Сырым Ізбасаров және Біржан Қосалиев шығады.

Басқа спорттық жаңалықтар