УЕФА Ұлттар Лигасы

Ұлттар лигасындағы Словения - Қазақстан матчінде жауапсыз үш гол соғылды

Ұлттар лигасындағы Словения - Қазақстан матчінде жауапсыз үш гол соғылды
ҚФФ

УЕФА Ұлттар лигасы топтық кезеңінің екінші турында Қазақстан құрамасы ірі есеппен ұтылды.

Любляндағы "Стожице" стадионында өткен ойын Словенияның пайдасына 3:0 есебімен аяқталды.

Словения құрамасы бірінші таймда-ақ екі гол салып тастады. Беньямин Шешко бес минутта (23 және 28-минут) дубль жасады.

Үзілістен кейін (63-минутта) Шешко хет-трик жасады. Германиялық "РБ Лейпциг" командасында өнер көрсететін шабуылшы айып алаңынан ұшқан допты баспен тура салды.

Басқа спорттық жаңалықтар