Кәсіби бокс

Әйгілі Теренс Кроуфорд карьерасын аяқтайтынға ұқсайды

Әйгілі Теренс Кроуфорд карьерасын аяқтайтынға ұқсайды
Fight.ru

Екі салмақта әлемнің абсолют чемпионы болған және pound-for-pound рейтингінде көшбасшы, жеңіліп көрмеген америкалық Теренс Кроуфорд (40-0, 31 КО) карьерасын аяқтайтынын меңзеді.

"Сіздер үшін тағы бір жекпе-жекке шығар едім, мүмкін шықпаймын, өйткені сіздер көріп тұрған ұлылықты бағаламайсыздар", - деп жазаыпты Кроуфорд әлеуметтік желіде.

Теренс 2023 жылдың 30 шілдесінде өткізген кейінгі айқасында отандасы Эррол Спенсті (28-1, 22 КО) тоғызыншы раундта нокаутпен жеңіп, жарытлай орта салмақта абсолют чемпион атағын жеңіп алды. Кроуфорд енді Спенспен қарымта болмайтынын да жазды. Эррол жуырда ота жасатқан еді.

"Эррол, енді бәрін естідім. Бәрі жақсы. Шынын айтқанда, мен осының бәрі біткеніне де қуаныштымын, бәрі артта қалды. Саған бар жақсылықты тілеймін, бауырым".

Басқа спорттық жаңалықтар