Хоккей

"Барыс" ҚХЛ-де қатарынан төртінші рет ұтылды

hcbarys.kz

Астаналық "Барыс" ҚХЛ тұрақты чемпионаты аясындағы өз айдынында өткен матчте "Лададан" ұтылып қалды.

Астанада өткен кездесу 3:0 есебімен тольятиліктердің пайдасына аяқталды. Ресейлік команда сапынан гол салғандар: Никита Попугаев (11-минут), Андрей Алтыбармакян (31) және Трой Джозефс (39).

Осылайша, "Барыс" ҚХЛ-де қатарынан төртініш матч ұтылып отыр. Бұған дейін астаналық команда қазандық "Ак Барс" (0:1 Б), уфалық "Салават Юлаев" (3:5) және челябілік "Тракторге" (1:5) есе жіберді.

Келесі ойында "Барыс" 16 қаңтар Астанада "Салават Юлаев" командасымен кездеседі. 

Басқа спорттық жаңалықтар