Еркін күрес

Еркін күрес балуандары әлем чемпионатында екі жүлде жеңіп алды

Еркін күрес балуандары әлем чемпионатында екі жүлде жеңіп алды
Olympic.kz

Испанияның Понтеведра қаласында күрес түрлерінен 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем біріншілігі аяқталды, деп хабарлайды Olympic.kz. С

оңғы жүлделерді еркін күрес шеберлері сарапқа салды. Қазақстан құрамасының еншісінде екі медаль бар. 97 келіде Ризабек Айтмұхан әлем чемпионы атанды. Ол финалда әзербайжандық спортшыдан басым түсті.

92 келіде Камиль Куруглиев әлем біріншілігінің қола жүлдегері атанды. Кіші финалда Камиль ирандық балуанды жеңді.

Одан бөлек, төрт қазақстандық балуан алғашқы бестікке енді. Мықтыбек Үкіметұлы (57 келі), Әбдінұр Нұрланбек (61 келі), Айқын Болатұлы (70 келі) және Әлихан Құсайынов (125 келі) қола үшін белдесуде қарсыласқа жол берді.

Басқа спорттық жаңалықтар