Теннис

Қазақстандық теннисші Испанияда негізгі жарысқа жолдама алды

 Қазақстандық теннисші Испанияда негізгі жарысқа жолдама алды

Қазақстандық, әлемнің 184-ракеткасы Денис Евсеев Тенерифе (Испания) челленджер турниріне жолдама алды.

Қазақстандық теннисші іріктеу сайыстарының финалында дүниежүзілік рейтингіде 373-орында тұрған литвалық Вилиус Гаубаспен шеберлік байқасты.

Д.Евсеев қарсыласын 6:3, 6:2 есебімен тізе бүктірді.

1 сағат 14 минутқа созылған матчта ол 1 эйспен бірге 9 брейк-пойнттың төртеуін өз есебіне жазды. В.Гаубас 3 эйспен шектелді.

Осылайша негізгі жарысқа жолдама алған Денис Евсеевтің келесі қарсыласы кейін анықталады.


Дереккөз: kaz.inform

Басқа спорттық жаңалықтар