Спорт

Қазақстандық көкпаршылар өзбекстандық қарсыластарына бірде-бір салым салдырмады

Қазақстандық көкпаршылар өзбекстандық қарсыластарына бірде-бір салым салдырмады
Сурет: Ұлттық және ат спорт түрлері орталығы

Астана қаласында V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына бақ сынауға келген көкпаршылар "Қазанат" ипподромында іріктеу жарыстарын бастады. Аламанды Қазақстан мен Өзбекстан құрамалары бастады.

Көшпенділер ойынында көкпардан алғашқы салымды Қазақстан құрама командасынан Құрманбек Тұрғанбек өз еншісіне жазды. Қарсыластарынан айқын басым болған отандастарымыз 16:0 есебімен жеңіп, өзбек көкпаршыларына бірде-бір салым салдырмады.

"Қарсыласымызды өте жақсы білеміз. Өзбекстанға барғанда ойнағанбыз. Аттарымызды барынша дайындадық. Жеңіске жетуге барымызды салдық", – деді көкпардан ұлттық құрама спортшысы Құрманбек Тұрғанбек.

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына 9 құрама қатысуда. Айтап айтар болсақ, Қазақстан, АҚШ, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Венгрия, Қытай, Моңғолия және Түркия құрамалары жүлдеге таласады.

Басқа спорттық жаңалықтар