Футзал

Қазақстан футзал құрамасы Аргентинаны жолдастық кездесуде ұтты

Қазақстан футзал құрамасы Аргентинаны жолдастық кездесуде ұтты
facebook.com/kazfutsal

8 қыркүйек күні Алматы қаласында футзалдан Қазақстан мен Аргентина құрамалары арасында жолдастық кездесу өтті.

Кездесу барысында ел құрамасынан Дәурен Тұрсағұлов 7, Ақжол Дәрібай 10, Арнольд Кнауб 16-минутта үш гол соқты. Оған екінші кезеңде аргентиналық футзалшылар екі голмен жауап қайырды. Осылайша, ел құрамасы қарсыласынан 3:2 еесбімен басым түсті.

Айта кетсек, биыл 14 қыркүйек пен 6 қазан аралығында Өзбекстанда өтетін әлем чемпионатында ел құрамасы Испания, Ливия және Жаңа Зеландиямен ойнайды.

Ал Аргентина құрамасы С тобына Украина, Ауғанстан және Анголамен түсіп отыр.

Басқа спорттық жаңалықтар