Еркін күрес

Ризабек Айтмұхан 92 келіде әлем чемпионы атанды

Ризабек Айтмұхан 92 келіде әлем чемпионы атанды
Olympic.kz

Қазақстандық еркін күрес балуаны Ризабек Айтмұхан екінші рет әлем чемпионы атанды. Бұл жолы ол Понтеведрада (Испания) өтіп жатқан жастар арасындағы бәсекеде топ жарды.

Ризабек 20 жасқа дейінгі әлем чемпионатында 97 келіге дейінгі салмақта чемпион атанды. Бұған дейін дәл осы жарыста 92 келіге дейін бақ сынап, күміс алған.

Балуан бірінші белдесуінде былтыр чемпион болған ирандық қарсыласы Аболфазла Давуд Бабаланы 12:1 есебімен жеңді. Одан кейін грек Николас Караваностан дәл солай басым болды - 12:1. Жартылай финалда америкалық Джастин Ли Радемахерді жықты - 9:1. Ал финалда әзербайжандық Хетаг Карсановпен белдесіп, қарсыласына бірде-бір ұпай бермей, 10:0 есебімен таза жықты.

Айта кетейік, Ризабек Айтмұхан - ересектер және жастар арасында чемпион атанған тұңғыш қазақ балуаны. Ол 2023 жылы Белградта алтын алған еді.

Басқа спорттық жаңалықтар