Футбол

Марио Балотелли Криштиану Роналду туралы күтпеген мәлімдеме жасады

Марио Балотелли Криштиану Роналду туралы күтпеген мәлімдеме жасады
Global Look Press

Италия құрамасының бұрынғы шабуылшысы Марио Балотелли саудиялық "Әл-Насрда" өнер көрсетіп жүрген португалиялық Криштиану Роналду туралы ойын айты.

Оның ойынша, Роналду кез келген чемпионаттағы кез келген командада жақсы ойнайды, алайда Португалия құрамасында емес.

"Криштиану Роналду кез келген лигада тамаша ойнайды. Ол қайда болса да жақсы сіңісіп кетеді. Бірақ Португалия Криштиану қосалқы ойыншылар орнында отырғанда жақсырақ өнер көрсетеді. Дегенмен мен оны "соғысқа" бірге алып барар едім", - дейді Балотелли TV Play арнасына берген сұхбатында.

Басқа спорттық жаңалықтар