ММА

Шавкат Рахмонов пен Жәнібек Әлімханұлы жеке кездесті

Шавкат Рахмонов пен Жәнібек Әлімханұлы жеке кездесті
janibek_alimkhanulyteam

Қазақстандық танымал кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) мен аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов (18-0) кездесті.

Екі спортшы да өткен жылғы жекпе-жектерінен кейін тынығып, қалыпқа келу үстінде.  Кездесу жайлы Жәнібек instagram парақшасында жазба жариялап, Шавкатқа сәттілік тіледі. 

""Көк ту желбірей берсін! Шавкат бауырыма тек сәттілік тілеймін!, - деп жазды боксшы.

Айта кетейік, өткен жылдың қазан айында Жәнібек Әлімханұлы неміс боксшысы Винченцо Гуальтериді нокаутпен жеңіп, екінші чемпиондық атағын жеңіп алған еді. Ал Шавкат болса кейінгі өткен жекпе-жегінде америкалық Стивен Томпсонды ұтып, UFC чемпиондық атағына жақындай түсті. 

Басқа спорттық жаңалықтар