Еркін күрес

Ризабек Айтмұханның әлем чемпионатындағы қарсыласы анықталды

Ризабек Айтмұханның әлем чемпионатындағы қарсыласы анықталды
ҚР ҰОК

Испанияның Понтеведра қаласында өтіп жатқан 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем біріншілігінде еркін күрес шеберлері жарысты бастайды.

Бүгін бозкілемге шығатын спортшылар арасында әлем чемпионы, қазақстандық Ризабек Айтмұхан да бар. Ризабек жарысты 1/8 айналымнан бастайды. Оның алғашқы айналымдағы қарсыласы - ирандық Абдулфаазл Бабалу.

Айта кетейік, Ризабек Айтмұхан 92 келіде әлем чемпионы атанып, кейін олимпиадалық салмақ саналатын 97 келіге ауысты.

Басқа спорттық жаңалықтар