Футбол

"МЮ" Винисиус Жуниорға көз тігіп отыр

Reuters

Мадридтік "Реал" вингері Винисиус Жуниор англиялық "Манчестер Юнайтедтің" қызығушылығын тудырып отыр, бразилиялық ойыншының трансфері Килиан Мбаппенің шешіміне байланысты болады.

Fichajes мәліметінше, Килиан Мбаппе "Реалға" ауысса 23 жастағы бразилиялық командадан кетуі ықтимал, өйткені екеуі де бір позицияда ойнайды. Ал мадридтіктердің ойыншысына "Манчестер Сити" мен ПСЖ көз тігіп отыр.

Биылғы маусымда Винисиус "Реал" сапында 15 матчте алты гол салып, төрт ассист жасады.

Transfermarkt футболшыны 150 миллион еуроға бағалап отыр.

Басқа спорттық жаңалықтар