Футбол
"Тобылдың" экс қақпашысына ресейлік "Рубин" көз тігіп отыр
top-news.kz
"Тобылдың" бұрынғы қақпашысы Тимур Акмурзинге ресейлік "Рубин" футбл клубы көз тігіп отыр.
"Татар-информ" мәліметінше, тараптар голкиперді қазандық клубқа қайтару туралы келіссіөз өткізуде. Бұған дейін 26 жастағы Тимур Акмурзин мәскеулік "Велесте" өнер көрсеткен. Ал "Велеске" дейін Акмурзин "Тобылда" ойнады. Қостанайлық клубпен ҚПЛ-дің қола жүлдегері атанған.
Жалпы қазақстандық клуб сапында Акмурзин 14 матч өткізген екен. Ол "Тобылдан" 2023 жылы шілдеде кетті.
Айта кетейік, Акмурзин "Рубиннің" жастар командасында алты маусым өнер көрсеткен.