Дзюдо
Елдос Сметов жаттығуға қайта кірісті

instagram.com/yeldos60kg/
Олимпиада чемпионы Елдос Сметов жаттығуына кірісті. Бұл туралы спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
"Ассалаумағалейкум, қазақ елі! Баршаңызға қайырлы күн! Олимпиададан соң алғашқы жаттығу өте керемет өтті", - депті Сметов.
Сондай-ақ ақтаулық жанкүйерлері мен жанашырларын құлақтандырып, бүкіл Қазақстан бойынша турын Ақтау қаласынан бастайтынын айтты.