Дзюдо

Ақмарал Науатбек Париж Паралимпиадасының чемпионы атанды

Ақмарал Науатбек Париж Паралимпиадасының чемпионы атанды
Telegram/Madeniet_zhane_sport_ministrligi

Қазақстандық спортшы Ақмарал Науатбек Париждегі Паралимпиада ойындарының чемпионы атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Спортшы пара дзюдодан сынға түсті. Ол 48 келі салмақта финалға шыққан болатын (J2 категориясы). Шешуші белдесуде Ақмарал франциялық Сандрин Мартинемен кездесіп, "иппон" ұпайымен жеңіске жетті.

Айта кетелік, Қазақстан құрамасының қоржынында төрт медаль бар.

Бұған дейін Давид Дегтяров (пара пауэрлифтинг) алтынға қол жеткізді. Мерген Еркін Ғаббасовтың еншісінде күміс, пара жеңіл атлет Дастан Мұқашбековте қола медаль бар.

Басқа спорттық жаңалықтар