Жүзу

Қазақстандық жүзуші Паралимпиада күмісін жеңіп алды

Қазақстандық жүзуші Паралимпиада күмісін жеңіп алды
Туризм және спорт министрлігі

Қазақстан паралимпиадалық құрамасының мүшесі Нұрдәулет Жұмағали Париждегі Паралимпиада ойындарында күміс жүлдегері атанды.

Ол 100 метрге брасс әдісімен жүзуден күміс медаль жеңіп алды (SB13 санаты).

Айта кетейік, финалға дейінгі іріктеуде қазақстандық спортшы Азия рекордын орнатқан еді. Жұмағали өз мансабында екінші рет Паралимпиада жүлдесін алып отыр. Токио ойындарында қазақстандық спортшы қола медаль иеленген болатын. 

Басқа спорттық жаңалықтар