Бокс

Бапкер Нұрдәулетовтың әуесқой мен кәсіпқойды қатар алып жүруіне қатысты ойын айтты

Бапкер Нұрдәулетовтың әуесқой мен кәсіпқойды қатар алып жүруіне қатысты ойын айтты
mangystaumedia.kz

Бокстан Қазақстан құрамасының аға жаттықтырушысы Марат Жәкиев 2019 жылғы әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетовтің әуесқой мен кәсіпқой боксты қатар алып жүруіне қатысты пікір білдірді.

"Мұнда ешқандай қиындық жоқ. Бұл оны спортшы ретінде толықтыра түседі. Қазіргі таңда әуесқойда боксшылар аяқпен көбірек жұмыс жасай бастады. Әуесқойдағы ең мықты боксшылар кейін кәсіпқойда жақсы өнер көрсете бастайды: Усик, Ломаченко, Бивол және Головкин. Ал екеуін қатар алып жүру уақыт кестесіне де бөгет емес. Ол күніне үш рет тамақтанады, ұйықтайды, ал қалған уақытта жаттығады", - деп береді маманның сөзін Meta-ratings.kz.

Басқа спорттық жаңалықтар