Кәсіби бокс
Қазақстанның ең мықты кәсіпқой боксшысы келесі айқасына дайындала бастады
24KZ
Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов (20-0, 11 КО) келесі жекпе-жегіне дайындықты бастап кетті.
Жаттығу лагерін боксшы Қазақстанда бастады. Боксшы Instagram желісінде жаттығуының вилеосын жариялапты.
Еске салайық, кейінгі рет Мейірім қараша айында WBC желісі бойынша чилилік Хулио Аламоспен (16-2, 9 КО) үміткерлер айқасын өткізді. 12 раунд толық өткен жекпе-жекте қазақстандық боксшы төрешілер шешімімен жеңді.
Қазіргі таңда Нұрсұлтанов BoxRec тұжырымынша Қазақстанның ең мықты боксшысы саналады. Бұл рейтингте ол бірнеше жыл қатарынан көш бастаған Геннадий Головкиннің орнын басты.