Теннис

Қазақстандық Попко Челенджер турниріннің финалында ұтылды

Қазақстандық Попко Челенджер турниріннің финалында ұтылды
olympic.kz

Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко Буэнос-Айрестегі Челленджер турнирінің финалында ұтылды.

Шешуші кездесуде Попко19 жастағы перулік теннсиші Гонсало Буэномен ойнады.

Екі жарым сағатқа созылған матчтің бірінші сетінде перулік ойыншы басым болды, екінші кезеңде Попко ұтты, алайда шешуші сетте Гонсало Буэно тайбрейкте басым түсіп жеңісті жұлып әкетті. 

Бұл жарыста қазақстандық теннисші іріктеу сайыстарын қосқанда 6 қарсыласын ұтқан еді. Осылайша, Попко ATP Live рейтинде 19 саты жоғарылап, 358-орынға жайғасты.

Басқа спорттық жаңалықтар