2024 Париж Олимпиадасы

Қазақстандық спортшы Паралимпиаданың екінші алтынын жеңіп алды

Қазақстандық спортшы Паралимпиаданың екінші алтынын жеңіп алды
olympics.com

Қазақстандық пауэрлифтер Давид Дегтярев Париждегі Паралимпиада чемпионы атанды.

54 келідегі финалда қазақстандық спортшы 188 келіні көтерді (өзге екі талпынысында - 185 және 186 келі).

Екінші орныда кубалық параатлет Пабло Барриентос - 185 келі. Ол өзге екі мүмкіндігін бос жіберіп алғанын айта кетейік.

Қола қытайлық Жинь Лан Янда - 179 келі. Ол өзге екі талпысында 173 және 175 келіні көтерді.

Айта кетейік, Дегтярев осымен Паралимпиаданың екінші алтынын алып отыр. Алғашқы алтынды 2020 жылы Токиода алған Давид Қазақстан тарихында екі дүркін чемпион атанған бірінші спортшы.

Басқа спорттық жаңалықтар