НБА

«Тыңдамағандарды ұрам»: әйгілі Шакил О’нил неліктен бапкер болмайтынын түсіндірді

«Тыңдамағандарды ұрам»: әйгілі Шакил О’нил неліктен бапкер болмайтынын түсіндірді

Ұлттық баскетбол қауымдастығының (NBA) төрт дүркін чемпионы, баскетбол тарихындағы ең ірі ойыншылардың бірі Шакил О’нил бапкерлік қызметпен айналысуды жоспарламайтынын айтты. Қазіргі таңда ол TNT телеарнасында жүргізуші болып жұмыс істеп жүр.

«Мен бапкерлікпен айналысуды жоспарладым ба, мәселен өзім ойнаған «Лэйкерстің»? Жоқ, ешқашан жоспарлаған жоқпын. Неге екенін білесіз бе? Өйткені, мен адамдарды ұрамын. Егер менің айтқанымды істемесе, мен ол адамды ұрып жіберуім мүмкін», - деді баскетбол ардагері подкаст кезінде.

Айта кетейік, Шакил О’нил жұлдыздар ойынында 15 рет өнер көрсеткен. Оның есімі NBA-ның Даңқ залына жазылған. О’нил финалдық серияларда үш рет MVP атанған. Ол спорттық мансабында алты командада өнер көрсетті.


Дереккөз: 1bol.kz

Басқа спорттық жаңалықтар