Кәсіби бокс

Артур Бетербиев кезекті жеңісінен соң Дмитрий Биволды шаршы алаңға шақырды

Артур Бетербиев кезекті жеңісінен соң Дмитрий Биволды шаршы алаңға шақырды

Канаданың атынан шығатын ресейлік боксшы Артур Бетербиев келесі жекпе-жегін Дмитрий Биволмен өткізгісі келеді. Кездесу Рамазан айынан кейін үш айдан соң болуы мүмкін.

Бүгін Астана уақытымен Артур Бетербиев британиялық боксшы Каллум Смитті нокаутқа жіберіп, орта ауыр салмақ дәрежесіндегі WBC, WBO және IBF чемпиондық белбеулерін қорғаған еді. Әлемнің абсолютті чемпионы атағы үшін оған Биволға тиесілі WBA (Super) титулы ғана жетіспейді.

"Әрине, келесі жекпе-жегімді Биволға қарсы өткізгім келеді. Маған төртінші белбеу керек. Менде осы салмақ дәрежесінде әлі де алынбаған белес бар. Әлемнің абсолютті чемпионы атағы– ең жоғарғы биіктік", – деді Бетербиев жеңістен кейін рингте.

Боксшының промоутері Боб Арумның айтуынша, бұл жекпе-жек расында да талқылану үстінде.

"Бірақ Рамазан жақындап келеді (11 наурызда). Одан кейін үш айдан кейін біз Биволмен жұдырықтасуға дайын боламыз. Ол сол кезде болуы мүмкін", – деді Top Rank компаниясының басшысы.

Бетербиев кәсіби рингтегі барлық 20 жекпе-жекте мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Дмитрий Бивол да өзінің барлық 22 жекпе-жегін жеңіспен аяқтаған болатын.


Дереккөз: prosports.kz

Басқа спорттық жаңалықтар