Еркін күрес

Таразда күрестен халықаралық турнир өтеді

Таразда күрестен халықаралық турнир өтеді

27 қыркүйек күні Таразда әлемнің үздік балуандарының қатысуымен еркін күрестен Wrestling Stars халықаралық турнирі өтеді, деп жазады Olympic.kz.

Осымен үшінші рет өтетін дәстүрлі турнирге еркін күрестен еліміздегі үздік балуандар қатысады. Алдын ала мәлімет бойынша, еркін күрестен Азия чемпионы Санжар Досжанов, ел чемпионы Мейіржан Әшіров бастаған спортшылар Тараз кілемінде бақ сынайды. Турнирге қатысуы мүмкін спортшылар қатарында еркін күрестен 2023 жылғы әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан да бар.

Сондай-ақ, әлемдік күрес жұлдызы, екі дүркін әлем чемпионы Франк Чамисо да жарысқа қатыспақ.

Айта кетелік, бұған дейін ірі халықаралық турнир Ақтөбе және Астана қалаларында ұйымдастырылған болатын.

Басқа спорттық жаңалықтар