Нысана көздеу

Никита Чирюкин нысана көздеуден Азия чемпионы атанды

Никита Чирюкин нысана көздеуден Азия чемпионы атанды

Никита Чирюкин Джакартада өтіп жатқан нысана көздеуден Азия чемпионатында топ жарды.

Ұлттық құрама мергені жылдам оқ ататын тапаншамен 25 метрден нысана көздеуде ешкімге дес бермеді.Никита финалда 32 ұпай жинады.

Одан кейін Үндістан (28) жəне Оңтүстік Корея (23) спортшысы тұрақтады.

Чирюкин іріктеуде 584 ұпаймен 1-орын алып, Париж Олимпиадасының лицензиясына қол жеткізген.

Индонезия астанасындағы Азия чемпионаты 18 қаңтарда аяқталады. Қазір Қазақстан құрамасы 1 алтын, 1 күміс медальмен жалпы есепте 4-орынға көтерілді.


Дереккөз: olympic.kz

Басқа спорттық жаңалықтар