Футбол

Әлемдегі ең мықты голкиперлер рейтингі жарияланды

Әлемдегі ең мықты голкиперлер рейтингі жарияланды
Transfermarkt

Ұлыбританияның Give Me Sport порталы дәл қазіргі футболдағы ең үздік қақпашылар рейтингін түзіп шықты.

Рейтинг көшін Бразилия ұлттық құрамасы мен "Ливерпуль" командасының қақпашысы Алиссон Бекер бастап тұр. Одан кейінгі орынға "Реал" қақпашысы Тибо Куртуа орналасқан. Үштікті қазіргі әлем чемпионы, Копа Америка жеңімпазы Эмилиано Мартинес түйіндеген.

Портал тізіміндегі үздіктер қатарында Словения құрамасының қақпашысы Ян Облак та бар. Ол 5-орынға жайғасқан. 9 қыркүйек күні Қазақстан құрамасы дәл осы Ян Облактың командасына қарсы ойын өткізетін болады.


Басқа спорттық жаңалықтар