Кәсіби бокс

UFC қазақ боксшының нокаутына тамсанды

UFC қазақ боксшының нокаутына тамсанды
Eye of the Tiger Management

UFC Fight Pass тwitter аккаунты қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедовтің (14-0, 12 КО) америкалық Антонио Тоддпен (17-11, 9 КО) жекпе-жектегі нокаутына тамсанды.

АҚШ-тың Санта-Инезе қаласында өткен бокс кешінде Ахмедов Америка жерінде және орта салмақта алғаш рет жұдырықтасты. Бірақ қарсыласын бірінші раундта-ақ нокаутқа түсірді.

"Ахмедов басымдық қана көрсетті!", - деп жазыпты UFC Fight Pass нокаут видеосын өз аккаунтында бөлісе отырып.


Басқа спорттық жаңалықтар