Теннис
Бейбіт Жұқаев Шанхайдағы челленджерді сәтті бастады.
ktf.kz
Қазақстандық теннисші Бейбіт Жұқаев Шанхай (Қытай) челленджер турнирін сәтті бастады.
Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингіде 510-орында тұрған жаңазеландиялық Аджит Райды жолдан тайдырды.
Бірінші партияда Рай басымдылық танытты — 6:2. Содан кейін Жұқаев ойын тізгінін қолына ала білді — 6:3, 7:6 (7:3). Екі сағат 8 минутқа созылған бәсеке барысында Бейбіт 5 эйспен бірге 7 брейк-пойнттың біреуін ғана пайдаланды. Рай 4 эйс, 2 брейкпен (4 брейк-пойнт) көзге түсті.
Енді Бейбіт ширек финалға жету үшін чилилік Томас Барриоспен ойнайды.
Шанхай додасы 8 қыркүйекте мәресіне жетеді.