Грек-рим күресі

Қазақстандық үш балуан Испаниядағы әлем чемпионатының жартылай финалына жетті

Қазақстандық үш балуан Испаниядағы әлем чемпионатының жартылай финалына жетті
Unitedworldwrestling

Испанияның Понтеведре қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем біріншілігінде үш қазақстандық балуан жартылай финалға жолдама алды, деп жазады Olympic.kz.

60 келідегі Оңдасын Хамитов, 67 келідегі Юсуф Ашрапов және 82 келідегі Ислам Евлоев әлем біріншілігінің жартылай финалында белдеседі. Одан бөлек, тағы екі балуанымыз қола жүлдеге таласады. Олар - Айбек Айтбеков (55 келі) және Темірлан Тұрдыақын (87 келі).

U20 әлем чемпионаты 6 қыркүйекке дейін жалғасады.

Басқа спорттық жаңалықтар