Футбол

"Қайраттың" бапкерлер штабы қызметінен кетті

"Қайрат" ФК

Ресейлік маман Александр Кержаков "Қайраттың" бас бапкері қызметінен кетті. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлады.

"Ресейлік маманмен келісімшарт тараптардың өзара келісімі бойынша бұзылды. Онымен бірге оның көмекшілері Владимир Казаков пен Руслан Аджинджал да клубтан кетеді. Александр Анатольевичке атқарған жұмысына алғыс айта отырып, мансап жолында одан әрі табыс тілейміз", - деп жазды ресми хабарламада.

Александр Кержаков "Қайраттың" бас жаттықтырушысы болып мамыр айының соңында келді. Оның жетекшілігімен команда 12 матч өткізіп, 6 рет жеңіске жетіп, 3 рет тең түсіп, 3 рет қарсыластарына есе жіберді.

Басқа спорттық жаңалықтар