Еркін күрес

Олимпиаданың үш дүркін чемпионы Александр Медведь қайтыс болды

Олимпиаданың үш дүркін чемпионы Александр Медведь қайтыс болды
TOPNews.RU

Еркін күрестен үш дүркін Олимпиада чемпионы Александр Медведь 87 жасқа толған шағында өмірден өтті. Бұл туралы Беларусь күрес федерациясы ақпарат таратты.

Ол еркін күрестен үш мәрте Олимпиада чемпионы атанған болатын.

"ХХ ғасырдың үздік балуаны, үш дүркін Олимпиада чемпионы Александр Васильевич 87 жасында қайтыс болды. Жатқан жерің жайлы болсын. Александр Васильевичтің туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз", - делінген хабарламада.

Еске салайық, Александр Медведь үш түрлі салмақ дәрежесінде үш дүркін Олимпиада чемпионы атанған спортшы. Ол жеті рет әлем чемпионы (1962-1963, 1966-1967, 1969-1971), үш рет Еуропа чемпионы (1966, 1968 және 1972), сонымен қатар тоғыз рет КСРО чемпионы (1961-1970) болған.

Басқа спорттық жаңалықтар