Футбол

Футболдан Германия құрамасы жаңа капитанды таңдады

Футболдан Германия құрамасы жаңа капитанды таңдады
sports.ru

«Бавария» жартылай қорғаушысы Йозуа Киммих Германия құрамасының жаңа капитаны атанды. Киммихке капитандық міндет Илкай Гюндоганнан өтті.

Гюндоган амыз айында ұлттық құрамадағы карьерасын аяқтайтынын жариялаған болатын.

Вице-капитандар «Реал Мадрид» қорғаушысы Антонио Рюдигер мен «Арсенал» жартылай қорғаушысы Кай Хаверц болады.

29 жастағы Киммих Германия құрамасында 2016 жылдан бері өнер көрсетіп, 91 ойынға қатысқан. Германия келесі кездесуін 7 қыркүйекте Ұлттар лигасы аясында Венгрияға қарсы өткізеді.

Басқа спорттық жаңалықтар