Теннис

16 жастағы қазақстандық теннисші АҚШ чемпионатын сәтті бастады

16 жастағы қазақстандық теннисші АҚШ чемпионатын сәтті бастады
ktf.kz

Қазақстандық теннисші Әмір Омарханов жұптық сында жасөспірімдер арасында АҚШ ашық чемпионатының 1/8 айналымына өтті.

16 жастағы қазақстандық теннисші ресейлік Тимофей Дерепаскомен бірге бастапқы кездесуін түркиялық Карахан Атакан және оңтүстік кореялық Хуйонг Роға қарсы өткізді.

Бірінші партияда қазақстандық-ресейлік жұп 6:3 есебімен басым түссе, екіншісінде түркиялық-оңтүстіккореялық дуэт есе қайырды – 6:3. Супер тай-брейкте Әмірханов – Дерепаско жеңісті жұлып алды – 10:8.

Енді Омарханов пен Дерепаско ширек финалға өту үшін чехиялық Денис Петак және швейцариялық Флинн Томас дуэтімен ойнайды.

Басқа спорттық жаңалықтар