Үстел теннис
Жәния Бекмұхамбетова тағы бір халықаралық жарыста топ жарды

Үстел теннисінің федерациясы
Словенияның Оточец қаласында үстел теннисінен WTT Youth Contender турнирі аяқталуға жақын. Бұл бәсекеде қазақстандық Жәния Бекмұхамбетова екі медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Жас теннисші 11 жасқа дейінгі атлеттер арасында алтын алса, 13 жасқа дейінгі спортшылар арасында қола жүлдегер атанды.
Айта кетелік, тамыз айында Хорватияда өткен турнире WTT Youth Contender турнирінде Жәния жеңіске жеткен болатын.