Хоккей

Хоккейден Қазақстан құрамасы Олимпиада жолдамасына жете алмады

Хоккейден Қазақстан құрамасы Олимпиада жолдамасына жете алмады
ҚХФ

Хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы Братиславада (Словакия) өткен Олимпиадаға іріктеу турнирін аяқтады. Отандастарымыз топта таласқан жалғыз жолдаманы иелене алмады.

Топтағы шешуші матчта Қазақстан құрамасы Словакияға қарсы ойнады. Екі команда да D тобында алты ұпайдан жинап, Венгрия мен Австриядан басым түскен болатын. Олимпиада жолдамасы топта жеңіске жеткен командаға ғана беріледі. Бұл кездесуде 3:1 есебімен Словакия құрамасы жеңіске жетті. Қазақстан сапынан жалғыз шайбаны Никита Михайлис соқты.

Осылайша Олимпиада ойындарына Словакия жолдама алды. Айта кетейік, аталған турнирде Қазақстан Венгрияны 5:2, Австрияны 2:1 есебімен ұтқан болатын.

Басқа спорттық жаңалықтар